Алматыдағы сайлау: мегаполис тұрғындарынан сайлау комиссиясына ресми түрде шағым түскен жоқ

20 Ноября, 2022

Түске қарай Алматыда сайлаушылар 16,9 пайызды құрады.

 Бұл туралы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова мәлімдеді.
 
Сондай-ақ, ол азаматтардың сайлау процесіне қатысты сұрауларына түсініктеме берді. Айта кетейік, АСК – ға ресми түрде мегаполис тұрғындары тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Ж. Асанованың айтуынша, барлық бақылаушылар аумақтық сайлау комиссиясымен байланыста, сондай-ақ сайлаушылардың шағымдарын бақылауда.


Алматыда сайлаушылар тізімдерінің қалай жасақталғаны туралы айтты - сайлау комиссиясы әлеуметтік желілердегі жазбаларға түсініктеме берді
Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова әлеуметтік желідегі түрлі жарияланымдарға қатысты түсіндірме берді.
Мәселен, Алматы қаласының тұрғыны бүгін Қалқаман ықшамауданындағы №502 сайлау учаскесінде дауыс бергенін, бірақ оған дейін оның тізімде жоқ екенін айтылғаны жөнінде , жазба қалдырған. Оның айтуынша, жақында ол банктік қосымшадан учаскесінің  қай жерде орналасқаны туралы хабарлама алған. Сол жерде алматылық азаматтан сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтініш қабылданып, бюллетень берілді. Жанна Асанова неге бұлай болғанын түсіндірді.

«Біз сайлаушылар тізімдері қалай құрылатынын және дауыс беру кезінде қайшылықтар қалай туындауы мүмкін екенін түсіндірдік. Жекелеген сайлаушылар дауыс беру күніне 20 күн қалғанда тұрғылықты жерін өзгертеді. Осы уақытта тізімдер қағазға басып шығарылады және сайлау учаскелеріне беріледі, осы кезеңде өзгерістер орын алуы мүмкін: адам 18 жасқа толуы мүмкін, азамат тіркеуін өзгерте алады», - деді Ж.Асанова.

«Қағаз тізімдерінде» орын алған қателіктерге қарамастан, барлық сайлау учаскелерінде сайлаушыны электрондық деректер базасына енгізудің бірегей мүмкіндігі бар. 502-учаскеде дауыс берген алматылықтың жағдайында болғандай. Оның конституциялық құқығы сақталды.

Сондай-ақ, Жанна Асанова № 369 учаскеде орын алған ақпаратқа түсініктеме берді, онда телеграм-арналардың бірінің авторының хабалауынша сайлау комиссиясының мүшелері сайлау комиссиясы өкілінің қолтаңбасынсыз бюллетеньдер берді.

«Мен 20-1-бапты еске түсіргім келеді, онда бақылаушылардың  барлық ескертулері құжатпен негізделуі керек. Бұзушылықтар тіркеліп, арыз-шағымдар түссе, біз тиісті түрде жауап береміз», - деді Ж.Асанова.

Сайлау учаскелеріндегі бақылаушылардың  жұмысы: Алматыда бақылаушылардың құқықтары туралы сұраққа жауап берілді

Баспасөз іс-шарасы барысында Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асановаға сайлау учаскелерінде бақылаушылардың қозғалысын шектеуге құқығы бар ма деген сұрақ қойылды.

Журналистердің айтуынша, мұндай жағдайлар №354, 257, 369, 121 сайлау учаскелерінде орын алған.
«Бақылау институты демократияның элементі болып табылады, сондықтан сайлау процесінің барлық қатысушылары әрбір сайлаушының құқығын жүзеге асыруға көмектесу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Іс жүзінде кейбір бақылаушылар өздерін тексерушілер сияқты ұстай бастайды. Мұнда мінез-құлық нормалары үлкен рөл атқарады. Ал егер сайлау учаскесінің төрағасы бақылаушының, журналистің немесе сайлаушының өзі сайлау процесіне кедергі келтіріп, жанжалды жағдайлар туғызып жатқанын көрсе, ол ескерту жасауға құқылы. Оның үстіне актіленеді қосылып жатыр», - деп түсіндірді Ж.Асанова.

Егер сайлау процесіне қатысушы ескертуге жауап бермесе, онда комиссия төрағасының оны алып тастауға құқығы бар. Қазіргі уақытта мұндай жағдайлар болған жоқ. Жеке бақылаушылардан олардың жұмысына кедергі келтірілгені жөнінде ақпарат келді. Бұл жағдайда дауыс берушілердің жиналуы кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда сайлау учаскесінде әркімнің өз құқықтары бар екенін есте ұстаған жөн, деп атап өтті Асанова.

Поделиться: