Алматыда жол жөндеген кезде бұзылған бордюрларды ғана ауыстырады

3 Шілде, 2025

Алматыды жол жөндегенде бордюрды түгел ауыстырмайды. Қаладағы мобильділік басқарма басшысының орынбасары Асан Бостанов осылай деді.

Оның айтуынш, 2025 жылы көше мен жолды жөндеу жұмысы кезінде 300 шақырым жолға асфальт төселмек. Бұл жұмыс 377 көшені де қамтымақ.

«Орташа жөндеу жүргізген кезде бордюрді тегістеп, қайтара қолдануға тырысамыз. Тек бұзылған, ескi бордюрды ғана ауыстырып, жаңалап шығамыз»,- дейді Асан Бостанов.

Реттеу деп – бордюрді бұзып, теңестіріп, оны қайтара қолдануды айтады. Бордюрдің тек қатты тозғандарын ғана ауыстырып шығады.

Спикердің айтуынша, мердігер қолда бар нәрсені үнемдеп, оның жағдайын бақылап отыруға міндетті. Бұзып алынған әр бордюрді бір тексеріп, стандартқа сай келгендерін қайтара қолданады.

«Сапасыздары жолдың сиқын бұзып, жол қатынасына да қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан олардың биіктігі мен енін теңестіріп отырамыз»,- деді Асан Бостанов. 

Жолға жаңа жабынды төсемес бұрын реттеу жұмысы жүргізіледі.  Нақты қай жерде бордюрдің сапасы стандартқа сай келмесе, соны ғана ауыстырады. Ешқандай ақауы жоқ, бүтін тастарды қырлап, жөндеген соң, жолдың жабынын төсегенде оны қайта қолданады.

Бөлісу: